• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Шілде, 2024

Ақмола облысында екі шенеунік төбелес шығарды

102 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысына қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Шенеуніктер 2024 жылдың мамыр айында әкімдік ғимаратындағы жұмыс орнында жанжалдасып, артынша төбелескен.

Істі тергеп-тексеру барысында сараптама тағайындалып, нәтижесінде екеуі де бір-біріне жеңіл зиян келтіргені белгілі болды.

Десе де тараптар сот барысында кінәсін мойындамаған.

«Сот қаулысымен аудан әкімінің орынбасары «А.» және аппарат басшысы «Б.» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды», делінген облыстық соттың хабарламасында.

Айта кетейік, сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.