Қазақстанда «Теңіз Жасағы» атты жаңа мемлекеттік компания құрылуы мүмкін. Тиісті үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Серіктестіктің жарғылық капиталы мемлекеттің 100 пайыз үлесінен тұрады деп жоспарланып отыр.
«Теңіз Жасағы» мекемесі мұнайдың төгілуінің алдын алу және оларға әрекет ету бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл үшін оған Солтүстік Каспий экологиялық мұнай төгілуіне қарсы әрекет ету базасы және Каспий теңізі секторында жүзеге асырылатын теңіздегі мұнай операцияларын қолдау үшін басқа да инфрақұрылым нысандары беріледі.
Айта кетейік, жаңа мемлекеттік компания Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынатын болады.
Құжат 12 шілдеде жарияланды және 26 шілдеге дейін талқыланады.