«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жыл сайын жаз айларында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізеді, деп жазады Egemen.kz.
Компания бұл шектеулерге ыстық ауа райында жол қауіпсіздігі мен жол жабынын сақтау себеп болғанын түсіндірді.
Шектеу мерзімі аймақтағы ауа райына байланысты 1 маусымнан 31 тамыз, 1 маусымнан 15 тамыз аралығын қамтиды.
Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Алматы облысы; Атырау облысы; Жамбыл облысы; Жетісу облысы; Ұлытау облысы; Қызылорда облысы; Түркістан облысы; Маңғыстау облысы.Ал 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін мына аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
Абай облысы; Ақмола облысы; Ақтөбе облысы; Шығыс Қазақстан облысы; Батыс Қазақстан облысы; Қарағанды облысы; Қостанай облысы; Павлодар облысы; Солтүстік Қазақстан облысы.«ҚазАвтоЖол» осы ережелер сақталғанда жолдар ұзақ қызмет етуіп қана қоймай, жөндеу жұмыстарына кететін шығын азаятынын алға тартты.