Мен XXI ғасырдың білімді ұрпағымын. Қазір білім мен ғылымның, заманауи технологиялардың, түрлі платформалардың заманы. Бүгінгі таңда қарыштап дамып келе жатқан болашағы зор сала – цифрлық технология саласы. Сондықтан да еліміздің дарынды ұрпақтары заманауи цифрлық технологияларды жетік меңгеруге тиіс.
Цифрлық білім беру заманында заманауи оқушы қандай болу керек? Қазір біздер, цифрлық технологиялармен өмір сүреміз. Сол себепті жаңа технологиялар саласын игерген заманауи оқушы болуымыз керек деп ойлаймын.
«TopIQ.kz» платформасы сапалы білім алуға мүмкіндік беретін озық технологияның бірі. Мен электронды оқулықтар кітапханасы саналатын отандық платформамен бір жылдай таныспын. Содан бері ол жаныма жақын. Білімге деген құлшынысымды арттырды. Менің сабақты үлгеруіме, алға ілгерілеуіме, білімімді шыңдауда пайдасы орасан зор. Мұнда интерактивті тапсырмалар, аудио, бейне материалдар қамтылған. Бұл біздер үшін кез келген деңгейдегі тақырыпты түсініп, білім көкжиегімізді кеңейтуге мүмкіндік берді. Сабақ соңында өз жетістігімізді бағалап, қайталап орындау арқылы алған білімімізді бекіте алдық. Тіпті өтіп кеткен тақырыпты қайталау мүмкіндігі бар. Платформаны қолданғаннан бері сыныптастарымның да оқуға деген қызығушылықтары артып, тапсырмаларды бір-бірімізбен жарыса орындаймыз. Қысқасы, «TopIQ.kz» – білім шыңына жетуіміздегі топ платформа деп айта аламын.
Мариям ДАРХАНОВА,Саға мектеп-балабақшасының оқушысы