• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2024

Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам мерт болып, тағы 5 жолаушы ауруханада жатыр

371 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы күрежолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады Egemen.kz.

Қайғылы оқиға Батыс Еуропа – Батыс Қытай күрежолынның Жуалы ауданындағы бөлігінде орын алған.

Бірнеше көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша 5 адам қаза тауып, тағы 5 адам ауруханаға жатқызылды, қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында, деп жазылған ресми хабарламада.

Зардап шеккен көліктердің нақты саны белгісіз.