• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Шілде, 2024

Қазақстанда жаңа комитет құрылды

234 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігінде су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа комитет суды заңсыз пайдалану, оны есепке алу деректерінің бұрмалануы, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.

«Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың «қара нарығына» қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.