14 шілде күні Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы рингке шығу керек еді. Алайда жеңіліп көрмеген жерлесіміз салмақ қуу барысында қиындыққа тап болып, ауруханадан бір-ақ шықты, деп жазады Egemen.kz.
Жәнібек Әлімханұлы осы жағдайдан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына денсаулығының жай-күйін баяндап отыр.
«Қуанышта бірге болған жанкүйерлерім, қиындықта да қасымнан табылып жатқанына қуаныштымын. Баршаңызға Алла разы болсын. Тілек, дұғаларыңызға рақмет!Денсаулығым дұрысталды. Қазір барлығы жақсы. Бұйыртса келесі жоспарды ақылдасып жатырмыз», деп жазды ол.