Синоптиктер 15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттардың әсерінен елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың мәліметінше, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта күн күркіреп, бұршақ жауады. Қатты желмен бірге нөсер жауын да жаууы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Күндіз Алматы, Атырау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Атырауда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстауда, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында және Ұлытау облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.