• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Шілде, 2024

Адам өлтірмек болған күдікті қолға түсті

155 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.

Күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіні бірнеше рет пышақпен жарақаттаған.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеу жарияланған.

Айыпталушы 2023 жылғы қазанда Грузияда ұсталды. Оның бұған дейін қарақшылық жасағаны да анықталды.

Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.