• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Шілде, 2024

Цифрлық даму вице-министрі қызметінен босатылды

162 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Жамбакин Асқар Серікұлы берген өтінішіне сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Жамбакин 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, 2009 жылы Манчестер университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Air Kazakhstan» ЖАҚ байланыс торабының бірінші санатты байланыс технигі болып бастаған.

2020 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып қызмет еткен.