Сайрам ауданында қызмет атқару барысында патрульдік полицияның планшетіне жүк көлігіне қатысты сигнал түсті, деп жазады Egemen.kz.
Тәртіп сақшылары жүргізушінің 7 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтаған.
Сонымен қатар Сауран ауданында Шымкент – Самара тасжолында тәртіп сақшылары тағы бір борышкердің көлігін тоқтатты. Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісінде 2 миллион теңгеден астам сомаға төленбеген берешек болған.