• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Шілде, 2024

Ең егде желаяқ

107 рет
көрсетілді

Адам мүмкіндігі шексіз. Тұрақты дайындық тұрлаулы нәтижеге жеткізеді.

Мәселен, жапондық спортшы Хидекичи Миядзаки 105 жасында 100 метр қашықтықты таңғажайып нәтижемен жүгіріп, Гиннес рекордтар кітабына енген. 100 метр қашықтықта көрсеткен нәтижесі – 42,22 секунд. Осының арқасында ол жер бетіндегі ең егде желаяқ екенін дәлелдейтін сертификат алған. Мүмкін бұл көрсеткіш баяу да шығар, бірақ 105 жасқа келген спортшы үшін керемет нәтиже!