• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Шілде, 2024

Алматыда тағы да автобус апаты болды

115 рет
көрсетілді

Алматы қаласында тағы бір автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Әлеуметтік желіде апат болған жерде түсірілген видео тарап жүр. Кадрларда қоғамдық көліктің алды-артынан қисайып тұрғаны бейнеленген. Бейнеролик авторының айтуынша, жол апаты Әшімов пен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық Полиция департаменті жол апаты сағат 09:15-те болғанын хабарлады.

«Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдамаға тоқтаған 137-автобусқа соғылған. Инерция әсерінен автобус жол жиегіне шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған», деді полицейлер.

Апат салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының мән-жайлары әлі де анықталып жатыр.