• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 16 Шілде, 2024

Бұрынғы вице-министр Kcell компаниясын басқарады

129 рет
көрсетілді

Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин Kcell компаниясының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин «Kcell» АҚ жаңа бас директорын таныстырды. Директорлар кеңесінің шешімімен компанияның басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры лауазымына Асқар Жамбакин тағайындалды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 15 шілдесінде Асқар Жамбакин Цифрлық даму вице-министрі қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2020 жылдың қараша айынан бастап атқарғанын айта кету керек.