АҚШ-тың Аляска штатындағы Уиттиер қалашығының өзіндік ерекшелігі бар. Мұндағы тұрғындардың саны 200-ден сәл асады. Ең қызығы...
Олардың барлығы дерлік бір ғана 14 қабатты үйде тату-тәтті тұрады. Аталған үй алғашқыда жергілікті әскери қызметкерлерге арнап салынған. Уақыт өте келе оған қарапайым тұрғындар да қоныстана бастады. 14 қабатты ғимараттың ішінде дүкен, мектеп, полиция пункті, кафе, аурухана, тіпті фитнес-орталыққа дейін бар.