Құтқарушылар Ертіс өзеніне батуға шақ қалған екі баланы дер уақытында құтқарып үлгерген, деп жазады Egemen.kz.
Шомылып жүріп, суға батып кете жаздаған 5 және 8 жастағы балалар медициналық көмекті қажет етпеді.
Балаларды аман алып қалған қаһармандар: Думан Әбділданов пен Қуаныш Молдашов. ТЖМ хабарламасында: «Бейтаныс және жабдықталмаған жерде шомылмаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», делінген.