Анхель – әлемдегі ең биік сарқырама. Ол Венесуэланың тропикалық орманында орналасқан. Биіктігі 979 метрге жетеді. Ал ені – 107 метр.
Сарқыраманың биіктігі сонша, жерге жеткенше, су ұсақ бөлшектерге бөлініп, тұманға айналады. Жоғарыдан құлаған су Кереп өзеніне келіп құйылады. Сарқырама атауы ұшқыш Джеймс Эйнджелдің есімімен байланысты. Өйткені ол 1933 жылы алмаз іздеп, Венесуэланың үстінен ұшып бара жатқанда, Анхельді алғаш байқаған адам.