Салар де Уюни – әлемдегі ең үлкен тұзды көл. Ол 12 106 км² аумақты алып жатыр.
Көпшілік Боливиядағы осы тұзды көлді көргенде өздерін басқа ғаламшарда жүргендей сезінгендерін айтады. Бұл керемет пейзажды тамашалауға туристер әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Әсіресе Уюниге жаңбыр маусымында жиі келуге тырысады. Бұл жерден жыл сайын шамамен 20 тонна тұз алынады.