Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың баяндамасын тыңдап, ведомствоның жұмысы мен денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.
– Президентке қазір қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асқаны туралы баяндалды. Жыл басынан бері 21 инфекция бойынша сырқаттану көрсеткіші төмендеді, – делінген Ақорда таратқан мәлімдемеде.
Денсаулық сақтау министрі президенттің тапсырмаларына сәйкес, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға назар аударды. Бастапқы және стационарлық медициналық көмекті ұйымдастырудың тәсілдері қайта қаралуда, диагностика мен емдеу стандарттары жаңартылуда, саланың кадрлық әлеуеті нығайтылуда. Медициналық мекемелер жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiн бақылау үшiн цифрлық технологиялар енгiзiліп жатыр.