• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2024

Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтар туралы шындықты айтты

268 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті күштік құрылымдар атынан азаматтарға жүгінетін алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алаяқтар қоңырау шалып немесе қаржылық және басқа да операцияларды жүргізу туралы өтініштері бар мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді. ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі.

Осы ретте ведомство ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін мәлімдеді.

«Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайға тап болса, тез арада әңгімені тоқтатып, 102-ге хабарлау керек», делінген комитет хабарламасында.