• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 15:15

Барлық боксшы бабында - Мырзағали Айтжанов

36 рет
көрсетілді

Ұлттық олимпиадалық комитет ұсынған дерекке сәйкес, осы күндері бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы «Алма-тау» базасында Париж Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

26 шілдеде басталатын жазғы Олимпиада ойындарына бокстан Қазақстан құрамасы толық құрамда аттанады.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов спортшылардың дайындық деңгейі туралы айтып берді. Мырзағали Құланұлы жолдама иегерлері бабында екенін жеткізді.

«Командада кім фаворит деп сұрап жатқандар көп. Олимпиада алдында боксшыларды дәл бұлай бөлуге болмайды. Себебі, Олимпиаданың рухы бөлек. Бұл жарыс басқа бәсекелермен тең келмейді. Сондықтан, олимп шыңына ең мықты деген спортшылар шығады. Біздің құрамадағы жігіттердің бәрі жақсы. Ешкім Олимпиадаға жеңілемін деп бармайды. Оның үстіне, салмақ дәрежелері де аз, жетеу ғана.

Біз жеңісті дәстүрімізді қайта жалғастырып, Париж төрінде жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін. Қазір командада төрт әлем чемпионы, екі Олимпиада жүлдегері бар. Барлық жігіттер тәжірибелі. Енді тәжірибесін шеберлікпен ұштастырып, Олимпиадада жақсы өнер көрсету ғана қалды», деді бас бапкер.