Жазғы Олимпиада ойындарының медальдары бұрын жөндеу жұмыстары кезінде алынған Эйфель мұнарасының түпнұсқа сынықтары балқымасынан жасалған. Бұл - Париж-2024 медальдарының басты ерекшелігі, деп жазады Egemen.kz.
Qazsporttv.kz хабарлағандай, алтыбұрыш пішінінде жасалған бөліктің ортасында жазғы Олимпиада ойындарының логотипі бейнеленген.
Алтыбұрыш белгісі – Францияның картасы.
Медальдардың келесі бетіне (артқы жағына) гректер үшін Жеңіс құдайы саналатын Ника, Афинадағы Акрополь және Эйфель мұнарасы бейнеленген.