Спорт сайыстарының ішіндегі ең танымалы – Олимпия ойындары. Бұл додада жеңуді емес, қатысуды арман тұтатын спортшылар жетерлік. 1896 жылдан бері өткізілетін бұл жарыста адам таңғаларлық небір рекордтар тіркелген.
Жалпы, қысқы және жазғы ойындар 1994 жылға дейін бір жылда өткізілетін. Кейін Халықаралық Олимпиада комитеті бұл спорттық жарыстардың арасын екі жылға созу керек деп шешті. Содан бері олимпиадалық ойындар екі жыл сайын алмасып өтіп тұратын болды. Ал ең алғаш рет қысқы Олимпиада 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өткізілді. Ол кезде спорттың 5 түрі бойынша 14 жарыс түрінде жүлделі орындар сарапқа салынды. Бір қызығы, Олимпиада тарихында қысқы әрі жазғы ойындарға да қатысқан спортшылар да болған.