• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:02

Алматы-Өскемен тасжолында екі адам қаза тапты

33 рет
көрсетілді

Республикалық тасжолда ірі жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Бейнежазбадан байқағандай Foton жүк көлігі мен Mazda 626 жолаушылар көлігі соқтығысып қалған.

«Соқтығыс салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», деп жауап берді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін барлық жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.