• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 19 Шілде, 2024

«Енді оны аямаймын». Жәнібек Әлімханұлы қарсыласының келекесіне жауап берді

820 рет
көрсетілді

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичтің түсірген видеосына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін жаңазеландиялық боксшы жекпе-жектің өтпеуіне байланысты сарказм мазмұнындағы видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған еді.

Жәнібек Әлімханұлы екеуара келісімшарт күшінде екенін еске салып, енді оны аямайтынын айтты.

«Андрейдің парақшасындағы видеоны көрдім. Бала өзіне көп алып жатыр екен. Мен жекпе-жекке денсаулығыма байланысты шыға алмадым. Ауруханаға түстім. Бірақ қарсыласым адам басындағы сынақты, ауыр жағдайды мазақ қылып жатыр. Бұл негізі адамгершілік емес. Ешқандай боксшы бұлай жасамайды. Қайта сауығып кет дейді. Оның ісіне тіпті мен ұялып кеттім. Бізде келісімшарт бар. Жұдырықтасамыз. Бірақ енді оны аямаймын», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Бұған дейін Андрей Михайлович жекпе-жектің өтпеу себебін «ғасыр оқиғасына» теңеген еді.