«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20, 21, 22 шілдеде республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың айтуынша, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Сонымен қатар республиканың шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жауып, қатты жауын-шашын күтіледі.
«Күндіз ауа температурасы республиканың солтүстігі мен шығысында +20+28°С, оңтүстігінде +34+39°С, республика орталығында +25+33°С дейін көтеріледі деп күтілуде. Оңтүстік-шығыста +30+38°С-қа дейін, ал елдің батысында +33+38°С дейін ыстық болады», деп хабарлады синоптиктер.