Биылғы 6 айда такси қызметін пайдаланушы жолаушылар саны 37, 63 пайызға артқан, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, такси арқылы жолаушы тасымалдаудан түскен табыс 4 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,8% көп.
Сонымен қатар такси қызметтерінің бағасы жыл басынан бері 4,7% өскені белгілі болды.