Сенат депутаттары Әлібек Нәутиев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, табиғат апатының салдарын жою жұмыстарымен танысты.
Депутаттар жергілікті атқарушы органдардың зардап шеккен тұрғындардың мәселелерін шешу жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар болды. Қазіргі уақытта халықтың 60 пайызға жуығы ақшалай өтемақы алды. 1367 тұрғынның жеке шотына тұрғын үй сатып алуға қаржы түскені туралы айтылды.
Олар Құлсары қаласындағы «Болашақ» шағын ауданында зардап шеккендерге салынып жатқан 100 тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Бұл құрылысына жергілікті 8 мердігер ұйым жұмылдырылды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 61 үйдің іргетасын құю аяқталды, 42 үйдің қабырғасы қаланып, 15 үйдің шатырын жаба бастады.