• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2024

Павлодарда мектеп оқушысын зорлаған адам 17 жылға сотталды

117 рет
көрсетілді

Ол жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын алға тартты. Бұл туралы Egemen.kz облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімет бойынша, бүгін жабық сот отырысында кәмелетке толмаған жәбірленушіге зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

«Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ, жәбірленушімен жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын алға тартты. Сондықтан оның әрекетін онша ауыр емес бапқа – қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлімі, атап айтқанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас ретінде қайта саралауды сұрады», – делінген хабарламада.

Жауапкердің кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

«Екі аса ауыр қылмыстың жасалғанын ескере отырып, сот түпкілікті 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ қылмыскер өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – дейді баспасөз орталығында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.