• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:35

Автобус жолақысы қымбат қалалар аталды

40 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі автобустарда жол жүру ақысы қанша екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маусым айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, қалалық автобуспен жүрудің ең көп тараған құны 80 теңгені құрайды. Бұл баға Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қонаев, Семей және Талдықорған қалаларында бекітілген.

Қалалық автобуспен жүрудің ең арзаны Шымкент, Ақтау және Түркістан тұрғындары үшін – 70 теңге.

Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Павлодар және Петропавл қалаларының тұрғындары қоғамдық көлікте жүргенде 100 теңге төлейді.

«Айта кетейік, Ақтау, Қонаев және Түркістан қалаларынан басқа елді мекендерде көлік картасы немесе QR арқылы төленетін мөлшер көрсетілген», деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Бұған дейін, 1 тамыздан бастап Астанада жол жүру ақысы қымбаттайтынын хабарлаған едік.