• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 22 Шілде, 2024

Ғылыми орталық басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

145 рет
көрсетілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Оларға медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша айып тағылып отыр.Соттың санкциясымен орталық басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмеді.