Шыңғыстаудың бойындағы ескі қыстаулардың біріндегі жалпақ қара тастардың құпиясы әлі ашылмапты. Халық «қоңырау тастар» деп атайтын бұл орынды көп адам біле де бермейді.
Сіз де көрген шығарсыз. Желіде Семей өңіріндегі Абай өлкесінде түсірілді делінген бейнежазба тарап жүр. Жазбада үлкен қойтастарды түртіп қалсаң, сыңғырлап сан түрлі үн шығаратынын байқауға болады. Жақпар тастардың мұндай дыбыстарды қалай шығаратынын жергілікті тұрғындар да білмейді. Тастардың құрамында металл көп дейтін пікірлер де жоқ емес. Мұндай тастар Ресейдің Карелия аумағы, АҚШ-тың Пенсильвания штаты және Иордания секілді бірнеше өңірде ғана бар екен.