• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Шілде, 2024

Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясының басшысы сотталды

110 рет
көрсетілді

Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 миллион теңге ұрлап, тағы 4 миллион теңге пара алған, деп хабарлайды Egemen.kz Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Олимпиадалық спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырып, қарамағындағы қызметкерден 4 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ұрлық спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджет қаражатын иемдену, филиалдармен спорт залдарын жалға алуға мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасасу, бұл үй-жайларды тегін алуға мүмкіндік беру арқылы жасалған. Басшымен бірге дирекция қызметкері бюджет қаражатын ұрлауға қатысқаны үшін сотталды», делінген хабарламада.

Сотқа барлық дәлелдемелерді ұсынған мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсіздігін жоққа шығарған.

Сот үкімімен олимпиадалық спортты дамыту дирекциясының басшысы  5 жылға, ал оның сыбайласы 4 жылға бас бостандығынан айырылып, олардың әрқайсысына өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдық міндеттерін атқаруға тыйым салынған.