• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 19:21

Атыраудағы Сарыөзек арнасында балықтар қырылып қалған

46 рет
көрсетілді

21 шілдеде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында орналасқан Сарыөзек арнасында балықтардың қырылғаны туралы ақпарат анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл дерек құзырлы мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ғылыми ұйымдарға жедел түрде хабарланғанын мәлімдеді.

Мамандар шабақтардың қырылуы туралы ақпаратты растады. Қырылған шабақтардың жалпы салмағы шамамен 80 келіні құраған.

Шабақтардың қырылуына Сарыөзек арнасындағы су деңгейінің төмен болуы себеп болған (судың тереңдігі - 40-50 см). Атырау облысы экология департаменті зерттеулер жүргізу үшін су сынамасын алды.

«Балық қорғау қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері еріктілермен бірлесіп, балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр», делінген министрлік хабарламасында.