Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыруға болады. Мұндай қызмет өзге тілдерде оңай атқарылатын. Енді ана тіліміз сандық үлгіге көшірілді.
Айтылған сөзді пернетақтамен термей-ақ жазуға мүмкіндік беретін «TezText» мобильді қосымшасы қолданысқа шықты. Ол дыбысты танудың озық жүйелерін қамтиды. Бірегей жасақтама кәсіби терминдерден құралған. Әзірге тілдік модель қорына 10 мыңнан астам материал, яғни 40 млн сөйлем жинақталды. Алдағы уақытта оған адам есімдері қосылып, тыныс белгілерін қою мәселелері де шешілмек.