Бізде Zoom-ның баламасы бар. Видео-конференцияларға арналған отандық «Qosyl» қосымшасы мемлекеттік органдарда тестілеуден өткізілген-тұғын.
Отандық өнімнің ерекшелігі – уақыт жағынан шектеу жоқ. Бағдарламаны бейімдеп, білім беру ісінде де қолдануға болады. «Жүйе тек ел аумағындағы серверлерде қолдану үшін қарастырылғандықтан, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасудың алдын алады. Оның үстіне «Qosyl» ақпараттық қауіпсіздікті талап ететін барлық тексерістерден сүрінбей өтті. Жүйе бейнежиналыс өткізу үшін қажет барлық функционалдық мүмкіндіктерге ие», деді «Qosyl» жобасының жетекшісі Нурислам Исаков.