Назарбаев университетінің ғалымдары алғаш рет ер мен әйел адамның даусынан тұратын цирфлы қазақ дауыстарын жасап шығарған еді. Оларға «Исеке» мен «Рая» деген ат берілген.
Атаулар шынайы дауыс иелерінің есімдерінен алынған. Әзірленген құрал дайын мәтінді аудиоға айналдырады әрі қазақ тілінің цифрлық салада қолданылуын кеңейтуге жол ашады. «Біз екі диктордан 90 сағаттан астам уақыт бойы дауыс жинадық және мәтінді аудио түрге айналдыратын 2 жүйе жасап шықтық. Біріншіден, Қазақстанда мұндай деректерді алғаш рет жинадық, екіншіден, жиналған ақпараттың бәрі қолжетімді», деді деректерді талдаушы Саида Мұсахожаева.