Алматы облысында ер адам өзінің туған қыздарын зорлағаны аныталды. Сот оны кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Соттың анықтамасына сүйенсек, сотталушы 2010-2023 жылдар аралығында бірнеше рет өзінің жасөспірім және кәмелетке толмаған қыздарына қатысты зорлық-зомбылық қолданбай, арсыз әрекеттерге барған. Олардың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, зорлық-зомбылық, зорлау арқылы жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерді қайталап жасаған және өлтіремін деп қорқытады.
«Соттың үкімімен Ц. Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі, 120-бабының 3-1-бөлігі, 2) тармақтарымен жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша және жеңілдететін жағдайлардың жоқтығы ескеріліп, кінәлі деп танылып, ауырлататын мән-жайлар бойынша 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", деп хабарлады Алматы облысы бойынша ауданаралық соты.
Ал қыздардың әкесі өз кінәсін мойындамады.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.