• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 25 Шілде, 2024

Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-директоры үйқамаққа алынды

172 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі агенттігі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы бас директоры М.Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz агенттікке сілтеме жасап.

Тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілді, бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды.

«Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында АМӨЗ қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деген күдікке ілінді», деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Досмұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді.