• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Алакөлге адамдар мінген дельтаплан құлады

57 рет
көрсетілді

Алакөл көліне дельтаплан құлады.  Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу өңіріндегі Алакөл көлін патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дельтапланмен ұшу кезінде ұшақпен бірге суға құлаған екі адамды аман алып қалған. Ер адам мен әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Ақмола облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Зардап шеккендер жоқ.