• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:58

«Қазақмыстан» металл ұрлаған топ ұсталды

23 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында өнеркәсіптік компаниялардан, оның ішінде «Қазақмыстан» металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Бұл қылмысқа жергілікті криминалитетпен бірге кәсіпорынның қауіпсіздік қызметі басшылары, жұмысшылары да күдіктілер қатарында бар. 

«Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.