• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Теннис 26 Шілде, 2024

Анна Данилина Румыниядағы турнирде жеңімпаз атанды

121 рет
көрсетілді

Яссы қаласында (Румыния) WTA-250 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстан теннисшісі Анна Данилина жұптық сайыста финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шешуші ойында еліміздің ең мықты теннисшісі ресейлік спортшы Ирина Хромачевамен бірге Александра Панова – Яна Сизикова (Ресей) дуэтін 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Кездесу бір сағат 15 минутқа созылды. Румынияда өткен турнирде Анна мен Ирина бірінші, ал Сизикова мен Панова екінші орыннан көрінді.

Бұл - Аннаның WTA турнирлеріндегі жұптық сындағы сегізінші олжасы. Бұған дейін ол Сиднейде (WTA500), Оклендте (WTA 250), Гамбургте (WTA 250), Варшавада (WTA 250), Гданьскіде (WTA 250) және Италияда өткен 125 санатындағы екі турнирде жеңіске жеткен.