• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 12:55

ТМД елдерінің бірінде теракт жасамақ болған күдікті құрықталды

32 рет
көрсетілді

Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адам жасырын топтың құрамында ТМД елдерінің бірінде террористік актіні ұйымдастыруға дайындалды деп күдіктенеді.

«Ол Telegram-дағы жасырын аккаунттар арқылы әрекет етті. Оны халықаралық террорлық ұйымның бірінің эмиссарлары үйлестірді. Қылмыс жасамас бұрын Н.Р. топ жетекшісіне адал болуға ант берді», – делінген хабарламада.

Комитет мәліметінше, арнайы қызметтермен халықаралық террористік ұйымның басқа қатысушыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.