• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 27 Шілде, 2024

Қостанай облысында күдікті ер адам әйелдің басын кесіп алған

136 рет
көрсетілді

Қостанай облысының Құсмұрын ауылында жеке үйлердің бірінде мойны кесілген әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанды оқиға 20 шілде күні болыпты. Марқұмның жанында күйеуі болған. Айтуынша, әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артынан және бетінен пышақ жарақатын алған.

«Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында.