Ғарыштық зерттеу институты Күн астрономиясы зертханасының ғалымдары 29-нан 30 шілдеге қараған түні Жерде күшті магнитті дауыл басталатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғи құбылыс түн ауа басталып, G2 деңгейіне жеткен соң төмендейтіні айтылды.
Ғалымдар бұл ақпаратты растады.
Бұған дейін 24 шілдеде күшті геодауыл басталып, магниттік дауылдың күші G1-G2 (ең жоғары — G5) деңгейінде болады деп жорамалдаған еді.
Ғалымдардың айтуынша, шілденің қалған күндері тамыз айына дейін магнитосфера қалыпты жағдайда болады.