• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Суицид 28 Шілде, 2024

Астанада 5 баланың анасы биіктен секіріп кеткен

220 рет
көрсетілді

Астанадағы аулалардың бірінен әйелдің мәйіті табылған. Қайғылы оқиғаға көршілері мен өтіп бара жатқандар куә болған. Марқұмның жеке өмірінің егжей-тегжейін көршісі "Астана - Что? Где? Когда?" Telegram-арнасында айтып берген, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, келіншектің бес баласы бар. Кенжесі – 1 жаста.

- 1990 жылғы әйелдің балконнан секіргеніне куә болдым. Бес баланың анасы, кішісі бір жаста. Күйеуі басқа қалаға кетіп қалып, онымен жанжал шыққан, – дейді ол.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, әйелдің мәйіті полицияға тапсырылды.

- Оқиға орнына жедел медициналық бригада шақырылды. Медициналық топ келген кезде үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, әйел жоғары қабаттан құлаған. Өмірге сәйкес келмейтін жарақаттан қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.