• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 29 Шілде, 2024

«Желеу іздеген дұрыс емес». Бас бапкер Шымбергенов не үшін жеңілгенін айтты

1455 рет
көрсетілді

28 шілде күні бокстан ерлер құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) алғашқы айналымда иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан ерлер құрамасындағы сәтсіздікке қатысты бас бапкер Мырзағали Айтжанов пікір білдірді.

«Бірнәрсе жетіспеді деп айтуға болмайтын шығар... Бұйырмай тұр екен деп айтуға болады. Қарсылас та оңай емес. Бұған дейін де екеуі шаршы алаңда кездескен. Қарсыластың ұтуға деген құштарлығы басым болғандай болды. Зеяд Ишаиш шеберлігі жоқ болса да өте көп жұмыс істеді, жүгірді. Бұл − Олимпиада. Біз төрешілер жеңісті негізсіз берді деп айта алмаймыз, себебі тең дәрежедегі кездесу болды. Бізге берсе де олар үндемейтін еді, оларға берді «жеңілгеннің сөзі құрсын деген бар», біз үндемейміз. Басқа жігіттерді жақсылап дайындаймыз. Бұйырмай тұр екен, амал жоқ. Бірақ Асланбек барын салды. Бұл өзі ыңғайсыз қарсылас. Бұған дейінгі кездесулерде ұтқанда қиындау тиген. Иорданиялық осы салмақтағы мықтылардың біреуі», деді Мырзағали Айтжанов.

Отандық БАҚ өкілдері бас бапкерден Асланбек Шымбергеновтің бірінші кезеңде жеңілуіне ашылу салтанаты кезіндегі қолайсыз ауа райы қаншалықты әсер еткенін сұрады.

«Әр нәрсені айта берсек, желеу іздеген дұрыс болмайды ғой. Барлығымыз бір жағдайдамыз. Басқалар да шықты. Сол себептен біз сылтау іздемеуіміз керек. Қалған жігіттерді жақсылап дайындаймыз. Асланбекке де кінә таға алмаймыз. Олимпиада медаліне жету әркімге бұйыра бермейді. Асланбек барын салды. Қалған жігіттерге сабақ болады», деді бас бапкер.