Бүгін, 29 шілдеде Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошысы Данияр Шамшаев алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, 22 жастағы Данияр Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде Өзбекстан өкілі Муроджон Юлдошевтан ұтылып қалды.
Бұған дейін отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев биылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған еді.
Еске салайық, дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Олимпиаданың алтын жүлдесіне қол жеткізген еді.