• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:30

Депутат Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты

55 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республика партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл - тектіліктің белгісі. Бұл - үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек», деп жазды депутат.

Еске салайық, бұған дейін Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізе алмағаны хабарланған еді. Отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде швед қызы Тара Бабулфазға жол берді.