• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Шілде, 2024

Жаздың соңғы айында ауа райы қандай болады

166 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 30 шілде - 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», деп хабарлады синоптиктер.

Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады.

Сонымен қатар мамандар 1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41° дейін аптап ыстық болатынын ескертті.